Димашты жанкүйерлері әлекке салды
Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
9 сәуір күні Димаш Құдайберген Германияның Дюссельдорф қаласында жеке ән кешін өткізді. Концерт басталмай тұрып Димашқа жанкүйерлері домбыра тортын сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші домбыра тортымен түскен фотосын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Димаш бұл тортты қалай кесерін білмей әлек болып отырғанын жазды.
Концерттің алдында осындай торт сыйлаған жанкүйерлерге рақмет! Бұл тортты қалай кесеміз деп әлек болып отырмыз, – деп жазды Димаш.
Әншінің жанкүйерлері домбыра тортқа да, Димашқа да қызығып жатыр. Біразы тортты қалай жеу керек екенін айтып, кеңесін жазыпты:
Ас болсын! Ішектерінен баста!
Аспапқа қол тигізе алмайсың. Тістеп жеу керек сияқты.
Көп ойланба, жан-жағынан кеміре бер.
Әдемі торт екен. Қалай ыңғайлы, солай жей бер!
Пышақпен кесе беріңіз.
Сақтауға да болмайды деп қойсаңызшы.
Тақырып бойынша оқыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript