Жаңалықтар тізбегі
0

COVID-ті қоздырушы вирус жануарлардың ағзасына жабысып алуы мүмкін – ДДСҰ

COVID-2019, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 00:08 Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) төтенше жағдай жөніндегі комитеті COVID-19 тудыратын вирус жануарлардың кейбір түрлерінің ағзасында "тығылып жатуы" мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комитет SARS-CoV-2 - жаңа респираторлық патоген екенін мойындайды, ол өзінің экологиялық аясын әлі құрып үлгермеген, - деп хабарлайды ТАСС Женевадағы сарапшылардың мәлімдемесін келтіріп.

Комитет әр әлге адамдар мен жануарлар арасында "SARS-CoV-2-нің берілуіне қатысты эпидемиологиялық зерттеулер жүргізуді", сондай-ақ "ықтимал тасымалдаушы жануарларға мақсатты түрде бақылау" жүргізуді ұсынады.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус КВИ-ге байланысты денсаулық сақтау саласындағы халықаралық төтенше жағдай режимін тағы үш айға ұзартты.

18 сарапшыдан және 12 кеңесшіден тұратын ДДСҰ Төтенше жағдайлар комитеті, әдетте, үш айда бір рет бас қосады. Алдыңғы отырыс 2022 жылдың қаңтарында өтті. Комитеттің бірінші отырысы 2020 жылы 22-23 қаңтарда өтті. 2020 жылдың 30 қаңтарында екінші рет бас қосқан сарапшылар әлемде коронавирустың жаңа түрінің бұрқ етуіне байланысты халықаралық сипаттағы денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай деп жариялауды ұсынды. Содан бері ТЖ режимі әр үш ай сайын ұзартылып келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: