17 сәуірде Алматыда бірқатар жолдар жабылып, кейбір қоғамдық көліктер тоқтайды
Алматы жартылай марафонының өтуіне байланысты 16 сәуір күні сағат 23:00-ден 17 сәуірде сағат 13:00-ге дейін жарыс өтетін жолдарда қозғалыс тоқтатылады. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Осыған байланысты мына жолдар жабық болады:
әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 16 сәуір күнгі сағ. 23:00-ден 17 сәуір күнгі сағ. 13:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 7:20-дан 8:20-ға дейін жабық болады.
әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Шашкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 03:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:30-дан 10:00-ге дейін толық жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:20-дан 13:00-ге дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.