Елімізде қанша зейнеткер жұмыс істейді
2021 жылы елде 65 және одан жоғары жастағы 1,6 миллион зейнеткер болды. Оның ішінде 70,3 мың адам жұмысын жалғастырды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 3%-ға артық, – деп хабарлайды finprom.kz сайты.
Сарапшылардың айтуынша, жалпы зейнеткерлердің ішінде жұмыс істейтіні – небәрі 4,3%.
Жұмыс істейтін зейнеткерлердің 69,2%-ы немесе 48,7 мың адам дербес жұмыскерлер; 22,6%-ы немесе 15,9 мың зейнеткерлер жұмысшылар.
Тағы 5,7 мың зейнеткер жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, 46 адам шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары мен үлескерлері, сонымен қатар өндірістік кооперативтердің мүшесі болып табылатын жеке тұлғалар ретінде тіркелді.
Салалық тұрғыда зейнеткерлердің басым бөлігі – 73% немесе 51,3 мың адам агроөнеркәсіптік кешенде жұмысқа орналасқан. Көтерме, бөлшек сауда, автокөлік жөндеу және көлік-логистика секторларында да зейнеткерлер бар.
Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 105 344 теңгеге жеткенін жариялаған еді. Зейнеткерлер саны – 2 млн 245,6 мыңнан астам адам.