Жаңалықтар тізбегі
0

Өскемендегі тойхана әлеуметтік-мәдени орталыққа айналады

Өскемендегі тойхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 12:18 Сурет: Өскемен ақпарат орталығы
Өскемен әкімі Жақсылық Омар ақпан айында «Аблакетка» ықшамауданындағы үлкен әлеуметтік нысанды ұйымдастыруды жоспарлаған еді. 24 сәуір күні үлкен мейрамхананың ғимараты тұрғындардың қажетіне ауыстырылып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім өзінің Instagram-дағы парақшасында ауыл тұрғындарымен кездесуі туралы хабарлады.

Кездесу «Асқар-тау» мейрамханасының үлкен залында өтті. Онда Жақсылық Омар тұрғындарға бұл ғимарат жаңа мақсатта қолданылатынын айтып берді.

Ғимарат иесі әкімдікпен келісім бойынша нысанды биыл жыл соңына дейін тегін пайдалануға берді. Сонымен қатар оны жөндеуге көмектесуге уәде берді. Келер жылдан бастап қала әкімдігі кейіннен сатып алу арқылы кәсіпкермен жалға беру шартын жасады жоспарлап отыр.

Енді мұнда кальян және VIP кабиналардың орнына жастарға арналған спорт залы, шығармашылық және танымдық секциялар, ауданның қарт тұрғындарының демалыс клубы жұмыс істейді.

Айта кетейік, әкім қаладағы осындай әлеуметтік орталықтарға үнемі назар аударып келеді. Былтыр оның бастамасымен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, жас техниктер стансасын қайта жөндеу жүргізілсе, биыл Ульба әлеуметтік бейімдеу орталығын ерекше балалармен белсенді жұмыс істеу үшін қайта жабдықтау жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: