Қазақстанда өткен тәулікте 12 адам КВИ-ға шалдыққан
Сурет: Zakon.kz
COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК мәліметтеріне сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, қалалары мен Маңғыстау облысында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 сәуірге арналған эпидемиологиялық ахуалды бағалау есебіне сүйенсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 6,
Алматы қаласында - 5,
Маңғыстау облысында - 1,
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 533-ке жетті.
Қазақстанда 11 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 6,
Алматы облысында - 3,
Шығыс Қазақстан облысында - 2,
Елімізде барлығы 1 291 066 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript