Қазақстанда референдумды қолдау жөніндегі республикалық штаб құрылды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның ірі қоғамдық ұйымдары референдумды қолдау үшін республикалық штабқа бірікті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Штаб құру туралы бастаманы Қазақстан мәслихаты депутаттарының республикалық бірлестігі көтерді. Сондай-ақ ірі қоғамдық бірлестіктер, салалық бірлестіктер және бірқатар саяси партиялар – «Ақ жол» және «Ауыл» қолдау көрсетті.
Қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев штабтың ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің бағыттарын толығымен қолдайтынын атап өтті.
Жарияланған түзетулер пакеті саяси жүйені өзгерту бойынша көптен күткен шараларды қамтыды және қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимыл форматтарын жаңарту жөніндегі талаптарын көрсетті. Конституциялық реформаның ережелері әртүрлі қоғамдық күштердің, сарапшылар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына негізделуінің маңыздылығы ерекше. Ал біз, қазақстандық азаматтық қоғамның белсенді өкілдері, референдумды қоғамдық қолдаудың республикалық штабына жиналдық. Төлеубек Мұқашев
Оның айтуынша, Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға енгізілген өзгерістерге қатысты өз пікірін дербес білдіруге құқылы. Ал референдум нәтижесі халықтың ерік-жігері мен ел болашағын түсінуінің сенімді дәлелі болмақ.
Ұсынылып отырған шаралар ел басқаруға халықтың қатысуын кеңейтуге бағытталған, үкіметтің халқына есеп беретін ықпалды парламенттің, шын мәнінде «халықтық» мәслихаттардың жұмыс істеуінің тиімді тетіктерін қамтамасыз етуге арналған. Ал ұсынылып отырған конституциялық реформаның ережелерін қабылдау арқылы саяси плюрализм мен бәсекеге қабілетті демократиялық ортаны дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатынына нық сенімдіміз, – деп толықтырды республикалық штаб төрағасы.
Сөз соңында Төлеубек Мұқашев барша қазақстандықтарды белсенді азаматтық позиция көрсетіп, республикалық референдумда дауыс беруге қатысуға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript