ДДСҰ 20 елде балалар гепатиті індетінің бой көтергенін мәлімдеді
Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттарының дәрігерлері балаларда бауырдың қатты зақымдану жағдайларын анықтады. ДДСҰ 20 елде инфекцияның 228 жағдайы және бір баланың өлімін тіркелгенін жариялады, деп хабарлайды "Известия" басылымы.
Қазіргі уақытта инфекцияның шамамен 50 жағдайы тексеру сатысында.
Балалардың жаңа ауру түрін жұқтырудың алғашқы жағдайлары Ұлыбританияда тіркелген. Сәуір айының соңында елде 145 жағдай болды. Көбінесе вирусты 16 жасқа дейінгі балалар жұқтырады.
Жаңа ауру кезінде іштің ауыруы, іштің өтуі, жүрек айну, кейде дене температурасының көтерілуі сынды белгілер көрініс табады. Бір сөзбен айтқанда, бұл ауру гастроэнтеритке ұқсайды.
Медициналық зерттеулер кезінде ғалымдар гепатит тудыратын f41 аденовирусын анықтады.
Сарапшылар бауырдың зақымдануына алдында жұқтырып, емделген коронавирус инфекциясының салдары да әсер етуі мүмкін деп санайды. COVID-19 балалардың иммундық жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін және басқа вирусқа "қарсы" болуы мүмкін. Яғни, ауру мутацияланған аденовирусты тудыруы мүмкін.