Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан халқы Түркияға енді жиі қатынай алады

Қазақстан, Түркия, әуе қатынасы, әуе рейсі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2022 17:38 Сурет: Zakon.kz
13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейсі екі есеге артады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен қалаларынан ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 мамырдан бастап қос ел арасындағы апта сайынғы рейс саны 124-ке дейін артады.

13 мамырдан бастап Air Astana, SCAT және Turkish Airlines әуе компанияларының Анталия мен Бодрумға рейстері біртіндеп артады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен қалаларынан орындалады. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

SCAT Нұр-Сұлтаннан (аптасына 7 рейс), Алматыдан (6), Ақтөбеден (3), Атыраудан (3), Шымкенттен (2), Қарағандыдан (2), Оралдан (2), Анталияға аптасына 29 жаңа рейс ұсынады. Қостанай (2) Ақтау (1), Өскемен (1). Air Astana аптасына 18 рейс орындайды – Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Анталияға (7) және Бодрумға (2) .

Turkish Airlines Анталияға аптасына 16 рейс орындайды – Нұр-Сұлтаннан (5 рейс), Алматыдан (4) және Қарағандыдан (3), сондай-ақ Бодрумға Нұр-Сұлтаннан (2) және Алматыдан (2) рейстер ашылады.

Қазір қос ел арасындағы тұрақты рейстер аптасына 61 жолаушы рейсі жиілігімен орындалып жатыр. Air Astana, Fly Arystan және SCAT 37 рейс, Turkish Turkish Airlines және Pegasus 24 рейс жасайды. Жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Түркістан қалаларынан Стамбул, Анталия және кері ұша алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: