Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ғана анықталды
Сурет: Zakon.kz
COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК Қазақстандағы 14 мамырдағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәліметтермен бөлісті. Жаңа деректерге сәйкес, бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясы Қазақстанның екі қаласында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың сегіз жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 4,
Алматы қаласында - 4,
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 644-ке жетті.
Қазақстанда 149 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Алматы қаласында - 91,
Шымкент қаласында - 6,
Маңғыстау облысында - 50,
Солтүстік Қазақстан облысында - 2.
Елімізде барлығы 1 291 897 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript