Тоғжанов зейнеткерлік жасты төмендету туралы: 2022 жылдың соңына дейін шешеміз
Сурет: Zakon.kz
Зейнеткерлік жасты төмендету мәселесін үкімет биылғы жылдың соңында шешеді. Бұл туралы үкімет кулуарында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
AstanaTV арнасының мәлімдеуінше, Қазақстанда зейнет жасы 2023 жылы төмендетілуі мүмкін.
Біз бұл мәселелердің барлығын Әлеуметтік кодекс аясында талқылаймыз. Жыл соңына дейін шешеміз. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов
12 мамырда Ералы Тоғжанов үкімет Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін қарастыруды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Еске салсақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас алты айға дейін ұлғайтылды.
Әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап көтерілді. Демек, 2027 жылға қарай әйелдер де зейнеткеге ерлер сияқты 63 жаста шығуы тиіс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript