Еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жауады, екпінді жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында – шаңды дауыл, батыста түнде тұман күтіледі. «Қазгидромет» РМК
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында – найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Орталықта, Қостанай облысының шығысында – күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында – найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрып, желдің күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде – найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады, түнде облыстың батысында – тұман түсіп, жел күшейеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, жел күшейеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде – найзағай, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында – шаңды дауыл, жел күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында – найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде – найзағай ойнайды, облыстың батысында, шығысында – жел күшейеді.
Түнде батыста, солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, түнде солтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз күн күркіреп, бұршақ жауады, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел күшейеді.
Павлодар, Қызылорда облыстарында жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.