Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжауынша, 27 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.
Петропавл қаласында 27 мамырда түнде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады.
27 мамырда күндіз Қызылорда облысының шығысында найзағай, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында желдің күші 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз 27 мамырда Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 35 градус қатты ыстық сақталады.
27 мамырда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Шымкент қаласында 27 мамырда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.
Түркістан қаласында 27 мамырда кей уақытта шаңды дауыл, таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
27 мамырда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезіңде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Талдықорған қаласында 27 мамырда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
27 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Орал қаласында 27 мамыр күннің екінші жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.