28 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауады, таулы аймақтарда нөсер жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. «Қазгидромет» РМК
Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында және тау бөктеріндегі аудандарда – күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл соғады, солтүстікте, батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда жел 15-25 м/с-ке дейін күшейеді.
Орталықта, Қызылорда облысының шығысында – жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде шығыста найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде, батысында – 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түседі, күндіз облыстың батысында найзағай ойнайды.
Қостанай облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз батыста, солтүстікте найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с болады.
Атыраудың солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында күн күркіреп, бұршақ жауады, солтүстік-батысында күші 15-20 м/с болатын жел тұрады.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында жел 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, екпіні 24-29 м/с болады, күндіз оңтүстікте, таулы аймақтарда күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, күші 15-20 м/с болатын жел соғады.
Ақмола облысының шығысында күн күркірейді, түнде шығыста, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с болатын жел соғады.
Орталықта, солтүстікте, Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, желдің күші 15-28 м/с болады.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с болады.
Синоптиктердің мәлімдеуінше,
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының батысында топырақ бетінде -2°С үсік күтіледі;
Шығыс Қазақстанның Жарма, Катонқарағай аудандарында, Қызылорда қаласының орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.