Алматыда жаңа екі метро станциясы ашылды
«Сарыарқа» метро станциясы Әуезов ауданы, Абай даңғылы мен Алтынсарин даңғылының қиылысында, батысқа қарай орналасқан. Ал «Бауыржана Момышұлы» метро бекеті Әуезов ауданы, Абай даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында. Жаңа метро станциялары арқылы тәулігіне 86 мың адам қатынай алады.
Сурет: Zakon.kz
Қала әкімі Ерболат Досаев жаңа метро бекетінің ашылуына құтты болсын айтты. Сонымен қатар ол осы құрылысқа атсалысқан барша адамға алғысын білдірді.
Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын! Сіздер жердің күрделі тау-геологиялық және сейсмикалық жағдайларын ескере отырып, өте күрделі әрі көлемді жұмыс істедіңіздер. Сіздердің еңбектеріңіз бен жоғары кәсібиліктеріңіздің арқасында Алматыда тағы жаңа екі метро станциясы пайда болды. Мен бұны біздің қаламыз бен тұрғындарымыз үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Мәселе 50 мыңнан 85 мыңға дейін ұлғаятын жолаушылар легінде ғана емес, қаланың әлдеқайда жайлы болатынында, бәрімізді алаңдатып отырған трафиктің дұрыс шешім табатынында, – деді қала әкімі.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Қалада метро желісін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жалғасады. 2025 жылы «Қалқаман» станциясының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Метро желісін дамыту батыс бағытта «Барлық» базарына дейін ұлғаяды. Бұл аудандар тұрғындары үшін ыңғайлы жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
«Бауыржана Момышұлы» метро мекетінің ашылуына Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова да пікір білдірді.
Ата-марқұм бірде «Мен о дүниелік болсам да, бұл дүниеде өтсем де, тірілердің арасында жүрем» деген еді. Сол кезде ол сөз маған біртүрлі болып естілген. Енді қарап тұрсаңыз, әулие сөзі сияқты қалды. Енді қараңыздар, бүгін қанша адамдардың көңілінде, тіл ұшында атаның аты айтылып жатыр. Атамыз өмірден кеткеніне 40 жыл болды, бірақ әлі күнге дейін халық әлі ардақтап, құрметтеп, аспандатып, көшелердің атын, мектептердің атын беріп жүр. Бүгінгі шара да атамыз әлі тірілердің арасында жүретінінің бір белгісі. Бірнәрсеге таңғалып жатырмын. Мына Алматыда метро ашылғалы бері мен әлі бір де бір рет қадам баспадым. Атамның атына бергенде келдімЗейнеп Ахметова
Сурет: Zakon.kz