Үсік жүреді: 2-4 маусымға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
Синоптиктер 2-4 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Олардың болжауынша, елімізде күн суытады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік өңірде тағы күн суытады.
Атлант ауасының суығымен қоректенетін Солтүстік антициклон республика аумағы арқылы жылжи бастайды, бұл ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. «Қазгидромет» РМК
Түнгі және таңертеңгі уақыттарда солтүстік аймақтарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Оңтүстік аймақтарда 4 маусымға дейін суық антициклонның жақындауы байқалады, бірақ мұнда үсік жүрмейді, дегенмен термометрлер күндіз 18-23 градусқа дейін төмендейді.«Қазгидромет» РМК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript