Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Ішкі істер министрлігі: Сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:49 Сурет: Zakon.kz
Еліміздегі телеарналардың бірінде онлайн марафон барысында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге дауыс беру өтіп жатқан сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon. kz
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары референдум өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бюллетеньдер әкелінгенге дейін барлық сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі, соның ішінде өрт қауіпсіздігі тексерілді. Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов

Ол қазіргі уақытта ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын тағы да баса айтты.

Жалпы, елдегі жағдай тұрақты, қазіргі уақытта заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Атығай Арыстанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: