Халықаралық бақылаушы: Ашылу алдында кейбір сайлау учаскелерінде кезек болды
Әріптестеріміз сағат 07:00-ден бастап еліміздің астанасы мен қалаларында сайлау учаскелерінің ашылуына қатысты. Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің ашылуы жоғары деңгейде өтті. Менің алған әсерім және әріптестерімнің пікірі бойынша ашылу кезінде барлық комиссиялар дайындалып, бірінші сайлаушыларды күтіп тұрды. Кейбір аудандарда ашылмай тұрып кезек пайда болды. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушысы Олег Цепкин
Ол әріптестердің пікірлері мен ойларын ескере отырып, құрал-жабдықтарды, сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін зерделеу нәтижелері бойынша байқаушылар ешқандай ескертулер жазбағанын айтты.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушысы атап өткендей, делегация Парламентте, сайлау комиссияларында кездесулер өткізді, Конституцияға түзетулерді әзірлеуге қатысқан көптеген сарапшылармен кеңестер өткізді.
Биылғы жылдың басында ел басынан өткерген қауіптердің алдын алу міндеті тұрды. Бұл туралы Президент сұхбатында айтты. Бәлкім, ел басшылығының мұндай оқиғаларға жедел ден қойып, конституцияға өзгертулерді өте жылдам дайындағаны жақсы әрі дұрыс деп айтуға болады. Олег Цепкин
Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамхожаев делегация таңертеңгі уақытта 10-нан астам сайлау учаскесінде болды, оның алтауы Нұр-Сұлтанда, бесеуі Ақмола облысында болды.
Дауыс беруге халық легі келгеніне куә болдық, көпшілігі жастар. Бұл ел жастарының болашаққа бей-жай қарамайтынын аңғартса керек. Біздің миссия мүшелері түрлі ұйымдардың құрамында Нұр-Сұлтан қаласында ғана емес, еліміздің басқа аймақтарында да қатысады. Біз Қазақстандағы сайлауға қатысты барлық шараларға әрқашан қатысамыз. Бұл екі елдің игілігі үшін ғана. Зайниддин Низамқожаев
Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухарем Аккаяның айтуынша, олар бастапқыда Түркістанға келіп, референдумға дайындық барысымен танысып, 5 маусымда Қазақстанның астанасында болған.
Ол ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілгенін, таңертең комиссия бірнеше сайлау учаскелерін аралап, халықтың референдумға деген ықыласын көргендерін айтты.
Әрине, референдум жиі қолданылатын құрал емес, демократияға апаратын құрал. Бұл референдум Қазақстанның, бүкіл халықтың болашағы үшін өте маңызды. Мен ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері шебер пайдаланылған алдыңғы сайлауларға қатыстым. Бұл өте жағымды тәжірибе. Мухарем Аккая