Бибігүл Төлегенова референдумда үйден дауыс берді
Сурет: almaty.tv
ҚР халық әртісі, Алматы қаласының Құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда үйден дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін үлкен мереке – референдум күні. Қазақстан, менің ойымша, ең табанды республика. Қазіргі президентіміз елдің дамуына бар күш-жігерін салады деп үміттенемін. Бибігүл Төлегенова
Халық әртісі «Қазақстан жастары еңбек етіп, мемлекетке бар күш-жігерін салуы керек, өйткені біздің уақыт өтіп барады» деп атап өтті.
Енді біз даму үшін ғана емес, басқа мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын үлкен республика мәртебесі үшін де жұмыс істеуіміз керек. Бибігүл Төлегенова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript