Референдумда 7,6 миллионнан астам сайлаушы таңдауын жасады
Сурет: Zakon.kz
Брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов 18:00-дегі жағдай бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда 7,6 миллионнан астам сайлаушы немесе халықтың 65,04 пайызы дауыс бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Орталық референдум комиссиясына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік комиссияларынан келіп түскен мәліметтерге сәйкес, астана уақытымен сағат 18.00-дегі жағдай бойынша бүкіл ел тұрғындарының тізімге енгізілген жалпы санының 65,04 пайызы немесе 7,6 миллионнан астамы дауыс берді. Референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның мүшесі Шавхат Өтемісо
Оның айтуынша, жалпы республика бойынша 11,7 миллион азамат референдумда дауыс беруге құқылы.
Өңірлер бойынша сағат 18:00-дегі сайлаушылардың алдын ала көрсеткіші мынандай:
Ақмола облысы – 69,07%,
Ақтөбе – 55,9%,
Алматы облысы – 68,1%,
Атырау – 62,45%,
Батыс Қазақстан – 65,49%,
Жамбыл – 68,10%,
Қарағанды – 73,31%,
Қостанай – 71,07%,
Қызылорда – 75,02%,
Маңғыстау – 59,14%,
Павлодар – 72,88%,
Солтүстік Қазақстан – 73,12%,
Түркістан – 78,24%,
Шығыс Қазақстан – 72,76%,
Нұр-Сұлтан – 53,87%,
Алматы – 29,82%,
Шымкент – 69,55%.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript