Алматыда екі ауданда бірнеше сағат суық су болмайды
Сурет: pixabay
9 маусым күні Түрксіб ауданында, 10 маусым күні Жетісу ауданында суық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Алматы су» МКК мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Су мына аудандарда өшіріледі:
9 маусым күні сағат 09:00-дан 21:00–ге дейін Түрксіб ауданы Аймауытов көшесі – Сауранбаев көшесі – Молдағалиев көшесі – Шолохов көшесі – Р. Зорге көшесі – Осипенко көшесі – Ержанов көшесі – Боралдай көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
10 маусым күні сағат 09:00-дан 20:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан Филотов көшесі-Багратион көшесі-Меркулов көшесі, Ақпаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, Шилов көшесі, Жансүгіров көшесі бойындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Суық сумен қамтамасыз ету қызметі бойынша қысқа мерзімді шектеу жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. «Алматы су» МКК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript