Алматыдағы №2 сайлау учаскесіндегі мәліметтер неліктен жойылды – ОРК жауап берді
Сурет: Zakon.kz
Ведомствода өткен брифингте Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Алматыдағы №2 сайлау учаскесінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша дауыс беру қорытындысы неліктен жойылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бейнероликті қоғамдық бірлестіктің өкілі түсірген. Көпшілікке жарияланған бұл видео бойынша Алматы қаласының аумақтық комиссиясына арыз түскен. Осы өтініште көрсетілген фактілер және оған қоса берілген бейнематериал бойынша тексеру жүргізілді. Аумақтық комиссия референдум бойынша учаскелік комиссия мүшелерінің басқа тұлғалар үшін дауыс бергенін анықтады. Бұл фактілерді референдум өткізу жөніндегі учаскелік комиссияның екі мүшесі мойындады, олар туралы түсіндірме хаттар бар. Олар осы учаскедегі сайлау тізіміне енген туыстарына дауыс бергендерін айтты. Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров
Комиссия мүшесінің айтуынша, стационарлық жәшік мөрленіп, дауыс беру тасымалданатын жәшікке ауыстырылған. Күннің соңында комиссия барлық нәтижелерді есептеп, аудандық комиссияның қарауына берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript