Жаңалықтар тізбегі
0

ДДСҰ COVID-19 қоздырғышының қайдан пайда болғанын анықтауды тездетуге шақырды

ДДСҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 22:13 Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус бұл болашақта орын алуы ықтимал індеттер мен пандемиялардың алдын алуға көмектеседі деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бізге жұмысты жеделдетіп, шұғыл қажеттілікті сезіне отырып, әрекет ету керек. ДДСҰ-ға мүше барлық елдерін барлығымыз және болашақ ұрпақ үшін жаңа патогендер жөніндегі ғылыми-консультативтік топпен (САГО) толық көлемде әріптестікте жұмыс істеуге шақырамын, – деп келтіреді ТАСС Гебрейесустың сөзін.

Оның пікірінше, барлық гипотезаларды бірін қабылдауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін дәлелдер пайда болғанша қарастыра беруді жалғастыру керек. Сондай-ақ ДДСҰ басшысы SARS-CoV-2-нің шыққан жолы туралы мәселені саясиландырудан аулақ болу керек деп санайды.

Саясиландырудың алдын алу үшін кез-келген ел ашық түрде және үкіметтің араласуынсыз мәліметтер мен үлгілерді бөлісіп отыруы керек. Ғылыми жұмыстың сәтті болуының жалғыз жолы - SARS-CoV-2-нің алғашқы жағдайлары туралы хабарлама түскен Қытайды қоса алғанда, барлық елдердің толық ынтымақтастығы", - деп сөзін қорытындылады Гебрейесус.

САГО құрамына 20-дан астам сарапшы кіреді. Олар, атап айтқанда, Ресей, Австралия, Бразилия, Германия, Үндістан, Қытай, АҚШ, Франция және ОАР мамандары.

2022 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша ДДСҰ-ға пандемия басталғаннан бері 530 266 292 адам инфекция жұқтырғаны және 6 299 364 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: