Қазақстанда бір тәулікте 13 адам COVID-19 жұқтырған
Сурет: Zakon.kz
COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК Қазақстанда 11 маусымға арналған эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратпен бөлісті. Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, инфекцияға шалдыққандар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 13 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда - 7,
Алматыда - 5,
Алматы облысында - 1.
Жалпы, елімізде КВИ бойынша 1 305 862 жағдай расталды.
Алты адам коронавирус инфекциясынан емделіп, ауруынан айықты, оның ішінде:
Алматыда - 3,
Қарағанды облысында - 3.
Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 292 082 адам сауығып кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript