Әлі талқыланып жатыр: Тоғжанов зейнет жасын төмендету мәселесі туралы
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Вице-премьер Ералы Тоғжанов зейнет жасын қысқарту мәселесі әлі де талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселе талқыланып жатыр, мен бұл туралы айттым, – деп жауап берді Ералы Тоғжанов үкімет отырысында.
Вице-премьер жыл соңына дейін Әлеуметтік кодекс қабылданып, оның аясында зейнет жасын қысқарту мәселесі қаралатынын атап өтті.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 60 жас алты айға дейін ұлғайды.
Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2018 жылдан бастап көтерілді. Демек, 2027 жылға қарай ол ерлердегідей 63 жасқа жетуі керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript