Түркияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды
Сурет: pixabay
Түркияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреддин Қожа Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Науқастарымыздың бірінде маймыл шешегі табылды. Науқас 37 жаста, иммунитеті нашарлаған. Дәрігерлер оны тексерді. Бұл ауру ауа тамшысы арқылы емес, жақын физикалық байланыс кезінде жұғады.Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреддин Қожа
— Dr. Fahrettin Koca (@drfahrettinkoca) June 30, 2022Bir hastamızda maymun çiçeği hastalığı tespit edildi. Hasta 37 yaşında, bağışıklık sistemi yetersizliği var. Kendisi tecrit edilmiş durumda. Temaslı takibi yapıldı, başka bir vakaya rastlanmadı. BİLİNDİĞİ GİBİ, bu hastalık solunum yoluyla değil, yakın fiziksel temasla bulaşıyor.
Мамандар маймыл шешегі ойлағанымыздан 12 есе тез мутацияланады деп ескертіп отыр. Оның мұндай жылдамдығы вирусты бұрынғы штаммдарына қарағанда әлдеқайда жұқпалы етеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript