Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта: бас санитар дәрігер қаулы әзірлеп жатыр

коронавирус, адамдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2022 16:49 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы 4 шілдеден бері «сары» аймақта. Бұл туралы үкімет жанындағы коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас санитар дәрігер карантин шектеулерін зерттеп, қаулы дайындайды. Алматы «сары» аймаққа көшті.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев

Қалада қандай шектеулер енгізілетіні әзірше белгісіз.

«Жасыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары кіреді.

Еске салайық, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 158 жаңа жағдайы тіркелді. Олардың көбі мына екі қалада тіркелген:

Алматыда – 88;

Нұр-Сұлтанда – 35.

Еске сала кетейік, 1 шілде күні Ведомствоаралық комиссия «Сары» аймаққа өткен жағдайда енгізілетін шараларды қабылдады. Елімізде COVID-19 вирусын жұқтыру өсуін ескере отырып, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия облыс эпидемиологиялық қауіптің «сары» аймағына өткен жағдайда қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады:

  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмысқа ауыстыру;

  • COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді онлайн жұмысқа ауыстыру;

  • жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу;

  • 10 адамнан асатын жиындарды онлайн форматқа көшіру ұсынылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: