Жаңалықтар тізбегі
0

Макаода коронавирусқа байланысты локдаун енгізілді

Макао, казино, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 16:47 Сурет: pixabay
11-18 шілде аралығында Макао арнайы әкімшілік аймағының билігі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты локдаун енгізді. Барлық казино, кеңсе мен құрылыс алаңы жабық. Өнеркәсіптік және коммерциялық компаниялар жұмысты тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тек ауруханалар, дәріханалар, базарлар мен қажет тауарлары бар дүкендер әдеттегідей ашық. Коронавирустың өршігеніне қазір төртінші апта. 1,5 мыңға жуық коронавирус жағдайы анықталды, деп жазады ria.ru.

Карантинді бұзу қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ең жоғары жаза – екі жылға бас бостандығынан айыру. Билік Макао халқын аса қажет болмаса, үйлерінен шықпауға, эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауға шақырады.

Макао арнайы әкімшілік аймағы ірі қаржы орталығы ғана емес, сонымен қатар өзінің казиноларымен, жарыс жолымен және түнгі клубтарымен танымал. Бұл –Қытайдағы құмар ойын бизнесі заңды болып табылатын жалғыз орын. Сондықтан ол Макао бюджетіне табыстың көп бөлігін, шамамен 80%-ын әкеледі.

Пандемия кезінде, бұл маңда ойын алаңдарында жұқтыру жағдайлары тіркелсе, жеке казиноларды жауып отырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: