ДДСҰ баршаны бетперде тағу режиміне оралуға шақырды
Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлемдегі барлық елдің үкіметтерін бетперде тағу режимін қайтаруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында COVID-19 қазір емін- еркін тарап жатқаны және бүкіл әлемде өлім-жітімнің көбейе бастағаны айтылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем тұрғындарын анти-ковидтік шараларға оралуға шақырды.
Оның айтуынша, коронавирустың Omicron штаммының түрлері бүкіл әлемдегі жағдайлардың артуына, сәйкесінше тағы бір жаңа толқынның пайда болу ықтималдылығына түрткі болуда. Мұндайда ауруханалардың науқастарға толу, өлім-жітімнің көбею ықтималдылығы өте жоғары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript