«Сары» аймаққа өтуіне байланысты Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары енгізіледі – қаулы
Қаулыға сәйкес мыналар ұсынылады:
адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда;
қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіру.
қоғамдық орындарда бетперде кию жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;
Жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшірілсін, делінген қаулы мәтінінде.
тұрғындар арасында коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);
адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясына қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жандандыру ұсынылады.
Қаулы 23 шілдеден бастап өз күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінімен мына арадан таныса аласыздар.