Қандай жағдайда локдаун енгізілуі мүмкін
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Өңір эпидемиология жағдайы бойынша «қызыл» аймаққа өткен жағдайда қатаң карантин енгізу мәселесі қарастырылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінде «сары» аймақта тек Нұр-Сұлтан ғана бар. Егер аймақ «сары» аймақта орналасқан болса, бизнеске ауыртпалық түсіретін қандай да бір қатаң шектеу шараларын енгізу көзделмейді.
Өңір «қызыл» аймаққа кірген жағдайда Ashyq жүйесі де енгізілуі мүмкін. Шектеу шаралары да екі кезеңде өтеді. Қазір бұл мәселе «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, талқыланып жатыр. Шешім ведомствоаралық комиссияның қарау нәтижесі бойынша қабылданады.Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова
Еске салайық, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 2480 жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 796
Алматыда – 722
Шымкентте – 105.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript