Алматы облысының прокуроры тағайындалды
Бас прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, – делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еңбек өтілі:
Елдос Сағиев еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған.
Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.
Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменттерін басқарды.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болды.
Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі – 18 жыл.
*
Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды.
Еңбек өтілі:
Берік Адамов прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.
Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.
Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан астам.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.