ДДСҰ басшысы қазақ тілін үйренгелі жатыр
Сурет: who.int
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус қазақ тілін үйренуге ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Almaty.tv телеарнасының хабарлауынша, Тедрос Гебрейесустың немересі Қазақстанда тұрады.
Бұған дейін Қазақстанда екі рет келдім. 2017 жылы Алматыға алғаш рет келдім. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. Ол кезде Қазақстанмен туыстық байланысым жоқ еді. Біз 2022 жылы құдаластық. Өте қуаныштымын. Мұнда менің Дәулет Тұрлыханов деген құдам бар. Енді Қазақстан менің де үйіме айналғанын білдіреді. Жақында немеремнің тілі шығады. Сондықтан мен онымен оның ана тілінде сөйлесуім керек. ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript