Жаңалықтар тізбегі
0

Өрттен зардап шеккендерге көмектесу үшін қор жинау акциясы жарияланды

Көмек жинау, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2022 13:11 Сурет: ҚХА
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрт жағдайының шиеленісуіне және бірқатар елдімекендерден адамдарды эвакуациялауға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы өрттен зардап шеккен ағайынға қол ұшын беру акциясы ұйымдастырылып жатқанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 қыркүйекте Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы Достық үйлеріндегі волонтерлық орталықтары базасында ақшалай қаражат пен қажетті заттарды жинау бойынша шұғыл штабтар іске қосылады, делінген хабарламада.

Эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, медициналық препараттармен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілгені айтылады.

Алдын ала есеп бойынша, зардап шеккен азаматтар үйлері мен ауларының қалпына келтіруді, киім-кешек пен аяқ-киімді қажет етеді.

Осыған байланысты зардап шеккендерге арнап ашылған есеп-шот арқылы ақша жинау ақылға қонымды болып табылады: 8 747 482 64 49.

Осы жұмысты үйлестіру ісі "Қоғамдық келісім" РММ-ға жүктеледі.

Гуманитарлық көмек (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын) жинау мәселелері мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 705 558 05 08 – Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Наталья Рамазанова.

2 қыркүйекте Қостанай облысында орман өртенді. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елдімекендеріне қауіп төнді. Егде жастағы ер адам қайтыс болды, 10 адам күйік шалып, жарақаттанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: