КВИ-ға шалдығушылар саны азайып келеді: Бір тәулікте 100 жағдай анықталды
Екі күн бұрын Қазақстанда 146 науқас анықталған болатын. Ал өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 100 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 21,
Алматыда – 13,
Ақмола облысында - 6,
Ақтөбе облысында - 6,
Атырау облысында – 2,
БҚО-да - 10,
Қарағанды облысында – 15,
Ұлытау облысында - 4,
Қостанай облысында – 11,
Қызылорда облысында - 1,
Маңғыстау облысында – 2,
Павлодар облысында – 2,
СҚО-да - 4,
Түркістан облысында - 3.
Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясының 1 392 505 жағдайы расталды.
577 адам коронавирус инфекциясынан емделіп, сауықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 54,
Алматыда - 39,
ШҚО-да - 4,
Абай облысында - 9,
БҚО-да - 109,
Қарағанды облысында – 47,
Ұлытау облысында - 19,
Павлодар облысында - 51,
СҚО-да - 245.
Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 365 128 адам емделіп жазылды.