Жаңалықтар тізбегі
0

Юрий Ильин өңірлердегі өртке қатысты жағдайға тоқталды

от, өрт, жалын, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2022 12:48 Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы өртке қатысты қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Шығыс Қазақстан облысында өрттің барлық дерлік нысандарда cөндірілгенін атап өтті.

Атырау облысына келсек, кеше түнде жағдай ушығып кетті. Өрттің елді мекенге өту қаупі төнген. Барлау таңғы сағат 7:30-да жүргізілді. Тікұшақпен ұшып жатыр және өртті жою үшін суды ағызатын құрылғы қолданылады.Юрий Ильин

20 қыркүйек күні Атырау аспанын қара түтін басты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қыркүйек айының ортасынан бастап Каспий теңізінің жағалауында қамыстардың жиі жана бастағанын айтты.

Сонымен қатар журналистер министрден басқа өңірлердегі жағдай қандай екені туралы және өрт қаупі бар-жоғын сұрады.

Температураның көтерілуін, жаз бойы қалыптасқан шөптің кепкенін ескерсек, әзірше өрт қауіпті күйінде қалып отыр. Ешқандай ауыр оқиға жоқ, жағдай бақылауда.Юрий Ильин

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Қостанай облысында қатты өрттің орын алуы туралы нұсқалардың бірін айтқан еді. Сонымен қатар ол 2023 жылы Қазақстанның өрт сөндірушілеріне жалақыны 40% көтеруді көздеп отырғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: