Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бизнесті тексеру 7 есеге қысқарды

ҚР Бас прокуроры, бизнес қауымдастық, кәсіпкерлік, кәсіпкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 15:37 Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткен форумда Бас прокурор Берік Асылов бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау кәсіпкерлерді қылмыстық шеңберге негізсіз тарту фактілерінің жолын кесу бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокурордың сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында тексерулерді 7 есеге қысқартуға қол жеткізілді.

Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (ТСОБТ) автоматтандырылған жүйе арқылы жыл сайын мыңдаған заңсыз тексерулердің жолын кеседі. Соңғы бір жарым жылда 35 мың кәсіпкерге қатысты 1,5 млрд теңгеге әкімшілік айыппұлдар алып тасталды.ҚР Бас прокуроры Берік Асылов

Бизнес өкілдері Бас прокурордың 2 қыркүйектегі қылмыстық қудалау органдарының атына адал кәсіпкерлерді қылмыстық процеске заңсыз тартудан қорғайтын тетіктер мен нақты ережелер жазылған Нұсқауын оң бағалады.

Жаңа талаптарды орындау қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетті. Егер бұрын кәсіпкерлерге қатысты ай сайын 150-ге жуық қылмыстық іс тіркелген болса, қазір олардың саны төрт есеге азайды.Берік Асылов

Сондай-ақ, қадағалау органында бизнестің әрдайым заңнама талаптарын сақтай бермейтіні атап өтілді. Қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру, салықтан жалтару, капиталдың жылыстауы жалғасып келеді. Әсіресе үлестік құрылыста, еңбек құқықтарын және басқа да салаларда бұзушылықтар кездеседі.

Бизнеске қолдау көрсете отырып, мемлекет сіздердің тараптарыңыздан заңдардың мүлтіксіз орындалуына сенетініне ерекше назар аударғым келеді, - деді Берик Асылов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: