Қазақстанның 6 облысында дауылды ескерту жарияланды
Солтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде -2°С үсік жүреді.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде -2°С үсік сақталады.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с.
Оралда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Түнде солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында -3°C үсік жүреді.
Ақтөбеде түнде -1...-3° үсік.