ОСК референдумда үнемделген 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарды
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтындағы хабарламада атап өтілгендей, қаржы мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысқа нақты кірісу есебінен үнемделген.
Қазақстанда 5 маусымда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтті.
7 маусымда референдумның қорытындысы жарияланды. Референдумның орталық комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге барлығы 7 985 769 қазақстандық немесе 68,05% қатысты. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты.
8 маусымда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.