Өскемен құтқарушылары 4 күн бойы ағаш басында отырған мысықты түсірді
Сурет: видеодан скриншот
Өскеменде құтқарушылар мысықты құтқарды. Тоқтамай мияулаған мысықты Назарбаев даңғылындағы үйдің тұрғындары осыдан төрт күн бұрын байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, мысық биік ағашқа шығып кетіп, жерге түсе алмай қалған.
14 қазанда тұрғындар Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларынан көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жануарға жетуге тырысқанымен, баспалдақ қажет болды. Құтқарушылар баспалдақты бес қабат биікке орнатып, мысықты аман-есен түсіріп алды, - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың айтуынша, мысық қатты қорқып, әбден шаршаған.
Оның жағдайына қарап, үй тұрғындарының бірі мысықты өз қамқорлығына алды.Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдай орын алған жағдайда "112" нөміріне хабарласу қажет екенін еске салды.
Бұған дейін хабарланғандай, Риддерде құтқарушылар Матруша есімді сиырды тереңдігі 2,5 метр шұңқырдан алып шыққан. Иелері жоғалған жануарды екі күн бойы іздеген. Оның табылғанын иелеріне көршілері хабарлаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript