Елімізде қандай жолдар ақылы болады
Атап айтсақ, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Көкшетау арқылы Астана – Петропавл автомобиль жолының Астана – Щучинск 18+772 километр – 230+250 км учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.
Құжатта баламалы жол ретінде: РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы республикалық маңызы бар автомобиль жолының Астана – Атбасар учаскесі, Көкшетау – Атбасар республикалық маңызы бар автомобиль жолының Атбасар – Зеренді учаскесі, Щучинск – Зеренді республикалық маңызы бар автомобиль жолы көрсетілген.
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы автомобиль жолының Астана – Теміртау 1291 + 335 километр – 1425 + 422 км учаскесі ақылы негізде пайдаланылады;
Оған Астана – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Темiртау республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы балам жол ретінде ұсынылған.
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Алматы – Өскемен (Сарқандтың, Аягөздің айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен) автомобиль жолының Алматы – Қонаев учаскесі ақылы негізде пайдаланылады;
Жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы іске асырылуы мүмкін: Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургқа) – Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Алматы – Күрті» учаскесі, Қонаев – Күрті республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы.
I-б санатты Алматы – Өскемен – Шемонайха – Ресей Федерациясының шекарасы (Сарқанд, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқры шатқалына кіреберісімен) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қонаев – Талдықорған 67+000 километр – 253+000 км учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны;
I-б санатты Астана – Петропавл, Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Щучинск – Көкшетау 230+250 километр – 291+000 км ақылы негізде пайдаланылатыны;
І-а санатты Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Астана – Павлодар учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны;
Жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы іске асырылуы мүмкін: республикалық маңызы бар Астана – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау автомобиль жолы, республикалық маңызы бар Бастау – Ақтау – Теміртау автомобиль жолының Теміртау – Ақтау учаскесі, республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автомобиль жолының Ақтау – Ульяновск учаскесі, республикалық маңызы бар Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Беловка – Қалқама автомобиль жолы, республикалық маңызы бар Ленинский – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов автомобиль жолының Беловка-Ленинский учаскесі, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі республикалық маңызы бар автомобиль жолы.
Сондай-ақ құжатта жолдың әрбір учаскесі бойынша жол жүру ақысы қарастырылған.
Бұйрық жобасы 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.