Жаңалықтар тізбегі
0

Республика күнінде Түркістанда көк ту желбіреді

Түркістан облысы, Республика күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:49 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 қазан – Республика күніне орай Түркістанда Мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті. "Рәміздер алаңында" ұйымдастырылған патриоттық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, жалынды жастар қатысты.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды да арнайы қатысып, көк Тудың мәртебесін көтеретін бастамаға үлес қосты.

Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:49

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдымен Әнұран шырқалып, ол отаншылдық бағыттағы әндерге ұласты. Облыс өнерпаздары рухты оятатын әндерді шырқап, мерекенің ажарын аша түсті. Осылайша, түркістандықтар Қазақстан көлемінде аталып өтіліп жатқан патриоттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:49

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:49

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістандағы "Рәміздер алаңындағы" тұғырдың биіктігі – 62,5 метр. Ал Тудың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр. Еліміздегі ең биік тутұғыр мен тудың бірі болып есептеледі.

Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:49

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл 25 қазан ұлттық мереке ретінде аталып өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі құттықтауында Республика күнінің мән-маңызына тоқталған болатын.

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор. Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз, – деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

2022 жылы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: