Астанаға Қырғызстан президенті келді
Сурет: akorda.kz
27 қазан күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елімізге ресми Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес президентінің кездесуіне арнайы келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың Telegram арнасының жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты "Ақорда" резиденциясында қарсы алды.
Сондай-ақ бүгін Қазақстанға Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель ресми сапармен келді.
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында 2022 жылғы 27 қазанда Астана қаласында Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельдің кездесуі өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript