ІІМ басшысы адам саудасы жөнінде: Бұл мәселемен ешкім кешенді түрде айналыспаған
Сурет: primeminister.kz
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанада өткен форумда адам саудасына қарсы іс-шаралар тек зардаптармен күресу ғана, ал ресми статистиканың барлығы айсбергтің ұшы ғана екенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Марат Ахметжанов БҰҰ деректеріне сілтеме жасай отырып, әлемде адам саудасы құрбандарының 70 пайызы әйелдер мен жас қыздар екенін айтты. Ал әрбір үшіншісі – бала.
Өкінішке қарай, бұл мәселе Қазақстанға да қатысты. Елімізде жыл сайын осындай 100-ден астам қылмыс тіркеледі. Бұған дейін ол 300-ге жеткен. Биылғы жылдың төрт айында 30-ға жуық адам саудасы фактісі анықталды. Үш ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов
Бұл ретте ол бұ тек салдарға қарсы күрес екенін, ал барлық ресми статистика айсбергтің ұшы ғана екенін мойындау керек екенін айтты.
Ашығын айтқанда, көп жыл бойы ешкім бұл мәселемен кешенді айналысқан жоқ. Мұндай қылмыстарға ықпал ететін шынайы себептер мен жағдайларға талдау жүргізілген жоқ. Қазір бізде адам саудасының құрбаны туралы толық мәлімет жоқ. Неліктен олар құрбанға айналады? Олар тұзаққа қалай түседі? Неліктен олар одан шыға алмайды? Неге өз құқықтарын білмейді, неге полицияға бармайды?Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшысы
Оның айтуынша, бұл саланың жасырын болуы жағдайды қиындата түседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript