Қазақстандықтар 2023 жылдан бастап Қатарға жиі ұша алады
Сурет: Zakon.kz
Жаңа жылдан бастап Қазақстан мен Қатар арасындағы әуе рейстерінің саны көбейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
2023 жылғы 3 қаңтардан бастап Qatar Airways катарлық авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Азаматтық авиация комитеті
Осылайша екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті болады.
Сонымен қатар Qatar Airways әуекомпаниясы 2023 жылғы көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстан мен Қатар астаналары – Астана мен Доха арасында ұшуларды жоспарлап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript