Қазақстанда коронавирусқа шалдығушылар саны күннен күнге артып барады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда бір тәулікте 94 адамнан коронавирус анықталды. Науқастар жайлы деректерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 қарашада елімізде КВИ-ге шалдыққан 83 науқас және пневмония белгілері бар алты адам анықталды. Екі күн 72 адамнан коронавирус инфекциясы тіркелген еді.
19 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 786 адам коронавирус инфекциясынан (–615+ және 171 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 112-сі стационарда, 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
2 адамның жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript