Сайлау күні Түркістанда егіз Қасым мен Жомарт дүниеге келді
Сурет: pixabay
20 қарашада Түлкібас орталық аудандық ауруханасында егіз сәби дүниеге келді. Сайлау күні дүниеге келген егізге ата-анасы Қасым және Жомарт есімін қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, әйелге шұғыл операция сәтті жасалған.
Дәрігерлер сәбилердің салмағы 3500 және 2700 грамм екенін нақтылады. Сәбилер мен анасының жағдайы жақсы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2009 жылы Ақтауда егіз Қасым мен Жомарт дүниеге келген. Қазір ұлдар мамандандырылған физика-математика лицейінде 8-сыныпта оқиды. Кейінірек егіздерпрезиденттен хат алғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript