Қатарда жанкүйерлерге арналған ерекше мұражай бар
Ғимарат 1975 жылы негізі қаланған мұражайдың орнына 2019 жылдың 28 наурызында ашылған. Осы мұражайды кейде шөлдала раушаны деп те атайды.
Музей халықаралық стандарттарға сай жабдықтармен жарақтандырылған. Экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: бірегей иілгіш экран, медиа-еден, қазіргі Қатардың орталық бөлігінің серпінді макеті, көптеген медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарығы бар LED-техника, сенсорлы дүңгіршектер, мультимедиялық жолсерік қолданылады. Мұражай ішіндегі үлкен экранға келушілер арнайы қондырғы арқылы сурет салып немесе жазу жазып кетеді. Біз де қолдан келгенше көк байрағымызды бейнелеп, естелік ретінде Қатар ұлттық музейнде қалдырдық. Сондай ақ көптеген көрермендердің сүйікті бағдарламасының атын да ұмытқан жоқпыз.
Біз музейді жақсы көреміз. Себебі мұндай керемет естеліктер және ұмытылмас тарих жатыр. Мыңдаған жылдар бойы сақталған естеліктер керемет. Мехмет, Дарья
Иә, әрине менің көңілімнен шықты. Шынымен де барлығы бір бірімен үйлеседі.
Сыртқы көрінісі де ішкі көрінісі де ерекше. Бізге керемет табиғаты, мәдениеті, өнері қатты ұнады.
Мұражайдың басты міндеті – Қатар жұртшылығының мәдениеті, өткені мен бүгінін байланыстыра отырып таныту. Ашылған сәттен бастап, мұражайда Қатардың мәдени мұрасын айшықтайтын құнды жәдігерлер бар. Олардың қатарында түрлі этнографиялық ақпараттар, теңіз артефактілері және қоршаған ортаға байланысты заттар бар. Мұражайда шейх Абдалла бен Джассима Аль Танидің сарайы орналасқан. Сонымен қатар, жергілікті археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған ежелгі артефакт саналатын дүниелер сақталған.