Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын 156 адам жұқтырған
Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 4 желтоқсанда ұсынған мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте 156 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, КВИ белгілері бар пневмония 11 адамнан анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ДСМ-ның 4 желтоқсандағы мәліметі бойынша, 1 364 адам коронавирус инфекциясынан (1 166 КВИ+ және 198 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 176-сы стационарда, 1 188 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ және КВИ- шалдыққандардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
4 науқастың жағдайы өте ауыр,
3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript