Алматыда жаңа автобус маршруты іске қосылады
Сурет: Zakon.kz
Әкімдіктің хабарлауынша, биыл Алматыда қосымша №100 – 34 автобус маршруты іске қосылды. Келесі жылы Қалдаяқов көшесінен «Геолог» бау-бақша серіктестігіне дейін 1 жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Биыл ұзындығы 27,2 км 28 көшедегі жолдар орташа жөндеуден өтті. Сонымен бірге, ұзындығы 18,1 км 12 көшеге тротуар салынды. Келесі жылы ұзындығы 55,5 км 39 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп, ұзындығы 28,5 км 22 көшеге тротуар салынады", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Жыл соңына дейін 20 көшені жарықтандыру аяқталады. Медеу ауданының 86 көшесіне 2025 жылдың соңына дейін көше шамдары орнатылады.
9 маршрутты жаңарту үшін 101 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі таңда 4 маршруттың автобустары жаңартылды: №69 – 18 автобус, №201 – 24 автобус, №12 – 16 автобус, №71 – 10 автобус.
Жыл соңына дейін тағы 5 маршруттың автобустары жаңартылады: №5, 5а, 5б, 5в – 8 автобус және №205 – 25 автобус.
Биыл қосымша №100 – 34 автобус маршруты іске қосылды. Келесі жылы Қалдаяқов көшесінен «Геолог» бау-бақша серіктестігіне дейін 1 жаңа маршрут іске қосылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript